«Жастардың саяси белсенділігін арттырудағы жас депутаттардың рөлі» тақырыбында Workshop өтті.

«Жастардың саяси белсенділігін арттырудағы жас депутаттардың рөлі» тақырыбында Workshop өтті.

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында жас сайлаушылар клубының мүшелері мен Ақтау қалалық мәслихат депутаты және Ақтау қалалық сайлау комиссиясының мүшелері арасында воркшоп өтті.

Workshop – нәтижесі әр қатынасушының құнды деректеріне тікелей байланысты тренинг және қатынасушылар бір-бірінен көп тың ақпараттар білетін оқу процесі.

Кездесу барысында мәслихат депутаты С.Риза жастардың саяси процестерге қатысуын арттыру жолдары мен саяси белсенділікті дамыту мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Воркшопта жастардың саяси мәдениетін көтеру, сайлаушылардың құқығын түсіндіру және жастардың қоғамдағы рөлін нығайту үшін жас депутаттың атқаратын рөлі талқыланды.

Клуб мүшелері депутатқа түрлі сұрақтар қойып, олардың қоғамдағы рөлі мен жастар саясаты туралы пікірлерін білдірді. Воркшопта жастардың қатысуымен түрлі мәселелер талқыланып, олардың ұсыныстары тыңдалды.

Кездесу қорытындысында, Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Айладыр жастардың саяси белсенділігі қоғамның тұрақты дамуына маңызды үлес қосатыны атап өтті.

 

 

Ақтау қалалық сайлау комиссиясы