
29.01.2026 жылы «Джиу-джитсу» Маңғыстау облыстық федерациясының спорт клубында жас спортшылармен «Дауыс беру процесіндегі учаскелердің ашықтығы мен жариялылығы» атты Storytelling өткізілді. Storytelling – ақпаратты, мағыналарды және құндылықтарды жеткізу, айту болып табылады.
Storytelling форматы қатысушыларға сайлау процесінің теориялық аспектілерін талқылап қана қоймай, қоғамның дамуындағы ашық және адал сайлаудың рөлі туралы жеке түсініктерімен, өмірлік мысалдарымен және көзқарастарымен бөлісуге мүмкіндік берді. Жас спортшылар ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттары спортта ғана емес, азаматтық өмірде де маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, спортшылар қызықтырған сұрақтарын қойып, қазіргі қоғамдағы адал және ашық сайлаудың маңыздылығын талқылады.
Шара соңында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Айладыр сайлауға саналы түрде қатысу – бұл азаматтық жетілудің көрінісі және елдің болашағына қосқан үлесі екенін атап өтті. Мұндай диалог алаңдары құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және жастардың қоғамдық-саяси процестерге қызығушылығын арттыруға ықпал ететіндігін жеткізді.
Ақтау қалалық сайлау комиссиясы