Ақтауда жаңа бағдаршам орнатылды

Ақтауда жаңа бағдаршам орнатылды

Ақтау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, 5 және 6-шағын аудан аралығындағы автомобиль жолында жаяу жүргіншілердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында заманауи батырмалы бағдаршам орнатылып, арнайы жаяу жүргінші өткелдерінің жолақтары сызылды.

Қазіргі уақытта қала аумағындағы алты жаяу жүргінші өткелі осындай жаңа үлгідегі бағдаршамдармен жабдықталды. Аталған жаңашылдық жаяу жүргіншілер мен көлік құралдары жүргізушілерінің қауіпсіз әрі тәртіпті қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Осыған орай, Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындары мен жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ жаңа орнатылған бағдаршамдар мен жаяу жүргінші өткелдерінде барынша мұқият болуға шақырды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі