
Ақтау әкімдігінде қала әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Асқар Нұржаубайдың төрағалығымен қаржы саласының ардагері Нұрлаш Ильясовамен кездесу өтті.
Тағылымды жиынға жас мемлекеттік қызметшілер мен мектеп оқушылары қатысты. Кездесу барысында Нұрлаш Темірғалиқызы мемлекеттік қызметтегі көпжылдық еңбек жолы, кәсіби тәжірибесі және елге адал қызмет етудің маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа өнеге көрсету, отансүйгіштік рухты нығайту және жастардың бойына адал еңбекке, жауапкершілікке деген құндылықтарды сіңіру.
Нұрлаш Ильясова қаржы саласында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарып, 2005–2024 жылдары Ақтау қалалық қаржы бөлімін басқарды. Еңбек жолында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, кәсіби біліктілігімен, әділдігімен және жауапкершілігімен ерекшеленді.
Іс-шара барысында ардагер мемлекеттік қызметшінің ел дамуына қосқан үлесі, мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі ерекше атап өтіліп, жас буынға бағыт-бағдар беретін мазмұнды әңгіме өрбіді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі