
2025 жылғы 30 желтоқсанда Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысы Асқар Нұржаубайдың төрағалығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелерін тыңдау отырысы өтті.
Қоғамдық мониторинг жеке кәсіпкер Ақын Алияның бастамасымен жүргізіліп, 5 түрлі мемлекеттік қызмет түрі қамтылды. Мониторинг нәтижесінде мемлекеттік қызметтердің сапасына сараптама жасалып, оларды оңтайландыру бойынша бірқатар ұсыныстар дайындалды.
Жиынға қала әкімдігінің тиісті құрылымдық бөлімдері қатысып, мемлекеттік қызметтердің жалпы тұрақты және жоғары деңгейде көрсетіліп отырғаны атап өтілді.
Қоғамдық мониторингтің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға ықпал ету.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі