
Ақтау қаласы 16-шағын аудандағы «Инара» ТҮК мен 17-шағын ауданды жалғайтын автомобиль жолында жылу желісінде орын алған апатқа (порыв) байланысты жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай аталған жол учаскесі уақытша жабылды. Қозғалыстың қайта ашылу уақыты қосымша хабарланатын болады.
Көлік жүргізушілері мен қала тұрғындарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, келтірілген қолайсыздыққа түсіністік танытуды сұраймыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі