«Айтылды–орындалды»: 4-шағын ауданда 10-нан астам ағаш егілді

«Айтылды–орындалды»: 4-шағын ауданда 10-нан астам ағаш егілді

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақовтың қыркүйек айында 4-шағын аудан тұрғындарымен өткізген кездесуінде жол құрылысы жұмыстары барысында зақымданған ағаштардың орнына жаңа көшеттер отырғызу мәселесі көтерілген болатын.

Тұрғындардың аталған өтінішіне сәйкес, 4-шағын аудан №53 тұрғын үйдің маңына биіктігі 3–3,5 метрді құрайтын 10-нан астам ағаш отырғызылды.

Ақтау қаласы әкімдігі алдағы уақытта да тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, қаланы абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі