Маңғыстауда кинотеатрлар мен спорт залдары жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Маңғыстау облысында 23 қазан 00:00 сағаттан бастап карантин талаптары жеңілдейді. Облыстың бас санитар дәрігерінің 21 қазандағы жаңа қаулысы шықты.
Құжатқа сәйкес, енді Маңғыстаудағы сауда үйлеріне, сауда ойын-сауық орталықтарына және жабық базарларға сенбі күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.Алайда, жексенбі күні жұмыс істемейді.
Спорт залдары қашықтықты сақтап, бетперде режимін ұстанып толымдылығы 30% - дан аспайтын адаммен өз қызметін жандандыруға рұқсат.

Сондай-ақ, дәл осы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады. Ол жұмыс күндері (1-5 күндері) сағат 22:00 ге дейін, сенбі күні 17:00 - ге дейін жұмыс істеуге рұқсат. Ал, жексенбі күні жұмысын тоқтатады.

Маңғыстауда әлі де балабақшалар (кезекші топтардан бөлек) бильярд, компьютер клубтары, ойын-сауық мекемелері мен банкет залдары және түнгі клубтардың жұмыс істеуіне тыйым салынған.