Қаржы саласының ардагері Нұрлаш Ильясова – «Жыл адамы–2025» байқауының жеңімпазы

Қаржы саласының ардагері Нұрлаш Ильясова – «Жыл адамы–2025» байқауының жеңімпазы
2025 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласында өткен республикалық «Жыл адамы–2025» байқауында қаржы саласының ардагері, Ақтау қаласы әкімдігі қаржы саласының зейнеткері Нұрлаш Темірғалиқызы Ильясова жеңімпаз атанды.

Көпжылдық адал еңбегімен мемлекеттік қаржы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан Нұрлаш Ильясова кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибелі басшы ретінде танылған. Ол интеллектуалды қаржы басқару, қалалық бюджет саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржылық жоспарлау салаларында нәтижелі қызмет атқарды.

Еңбек жолында облыстық қаржы бөлімінде жоғары санатты маман болып, кейін Ақтау қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарған Нұрлаш Темірғалиқызы әділдігімен, жауапкершілігімен және кәсібилігімен ерекшеленді. Қалалық бюджетті тиімді жоспарлау мен орындау бағытында жүзеге асырған бастамалары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізді.

Әріптестері мен қоғам тарапынан зор құрметке ие болған Нұрлаш Ильясованың еңбегі аталған байқауда лайықты бағаланды.

Айта кетейік, «Жыл адамы» байқауы – кәсіби шеберлік пен қоғам игілігі жолындағы елеулі еңбекті насихаттауға бағытталған республикалық жоба. Байқау еліміздің әр өңірінен халыққа адал қызмет еткен, өз саласында жоғары нәтижеге жеткен азаматтарды анықтап, олардың жетістіктерін көпшілікке танытуға мүмкіндік береді.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі