Ақтауда сот шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтауда сот шешімімен жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

Ақтау қаласының 15-шағынауданында орналасқан жер учаскесі соттың заңды шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазіргі уақытта аталмыш аумақтағы заңсыз салынған нысанның бір бөлігі сүріліп, жер телімін бастапқы қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Бұған дейін Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті аумаққа кешенді зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оның нәтижелері бойынша кеңейту туралы қаулының күшін жоюға қатысты талап арызды сот органдарына жолдаған болатын.

Сот шешімі шыққаннан кейін кеңейту нысанына берілген қаулының күші ресми түрде жойылып, жер учаскесі мемлекет меншігіне өтті. Бұл шешім қала тұрғындары тарапынан түскен өтініштер мен шағымдарды ескере отырып, қолданыстағы заңнама аясында қабылданды.

– Қазіргі таңда аумақтағы рұқсатсыз салынған құрылымдар бұзылып, жер телімі бастапқы қалпына келтірілуде, – деді Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы Айбек Баймаханбетов.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі