
2025 жылдың 5 желтоқсанында, сағат 10:00-де, Маңғыстау облысы аумағында Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен «Аумақтық және объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру» мақсатында жоспарлы техникалық сынақ жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Сынақ барысында электросиреналар (дабыл жүйелері) іске қосылып, тексеру режимінде жұмыс істейтін болады.
Құрметті тұрғындар, бұл – жоспарлы профилактикалық шара. Сондықтан сабырлық сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі