Ақтауда 26-шағын ауданның автотұрағы жаңартылуда

Ақтауда 26-шағын ауданның автотұрағы жаңартылуда

Ақтауда 26-шағын ауданның автотұрағы жаңартылуда

Ақтау қаласының 26-шағын ауданында орналасқан автотұрақ аумағында қайта жоспарлау және жаңарту жұмыстары басталды. Жоба облыстық мешіт пен аурухана маңындағы көлік қозғалысын реттеп, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруды мақсат етеді.

Жоспарға сәйкес, автотұрақ аумағы екі бөлікке бөлінбек: бір бөлігі мешітке келушілерге, екіншісі ауруханаға баратын тұрғындар мен келушілерге арналатын болады. Әрбір автотұрақ үшін жеке кіреберіс және шығу жолдары қарастырылған.

Бұл өзгерістер қалалық инфрақұрылымды жетілдіруге, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі