
Ақтау қаласының жастарына арналған «ЖАС ҚЫРАН – 2025» қалалық жастар сыйлығы байқауына құжаттар қабылдау 3–14 қараша аралығында жүргізіледі.
Бұл сыйлық – өз ісінде үздік шыққан, қоғам өміріне белсене араласып жүрген талантты жастарды қолдау мен олардың еңбегін насихаттауға бағытталған беделді жоба.
______________________________
Номинациялар:
• «ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТ»
• «ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІ»
• «ҮЗДІК ЖҰМЫСШЫ МАМАН»
• «ҮЗДІК ДӘРІГЕР»
• «ҮЗДІК КӘСІПКЕР»
• «ҮЗДІК ҚҰТҚАРУШЫ»
• «ҮЗДІК ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ»
• «ҮЗДІК IT МАМАНЫ»
• «ҮЗДІК СПОРТШЫ»
• «ҮЗДІК ЖЫЛ БЕЛСЕНДІСІ»
______________________________
Қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
• Өмірбаян
• Жеке куәліктің көшірмесі
• Ұсыным хат
• Жұмыс орнынан анықтама
• Жетістіктер тізімі (марапаттар, дипломдар, сертификаттар және т.б.)
• Еркін форматтағы фотосурет
• БАҚ беттерінде жарияланған материалдар (мақалалар, сұхбаттар, бейнематериалдар және т.б.)
Мекенжай: 6 шағын аудан, «Жастар орталығы», 5-кабинет
Байланыс телефоны: 52-62-54
______________________________
«ЖАС ҚЫРАН – 2025» — табысқа жеткен, ел дамуына үлес қосып жүрген жас көшбасшылар мен үздіктердің басын қосатын ерекше жоба!
Өзіңді таныт, қаланың ең белсенді жастарының қатарында бол! 