"Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі"

"Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі"

"Ақтау қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімі", "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын" кеңінен насихаттау мақсатында кезекті жұмыстар жүргізді. Бағдарламаның мақсаты - жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлікті қолдау, соның ішінде кәсіп бастауға ниетті жұмыссыз адамдарды кәсіпкерлікке тарта отырып жұмыспен қамту және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылады. Түсіндіру жұмыстары барысында қаламыздың бірқатар сауда орындарында болып, "Мағаш" базарында - 40, "Жайық" базарында - 30, "Жігер" сауда орталығында - 20 кәсіпкерге кеңінен ақпарат берілді. Аталған жұмыстар күнделікті жалғасын табатын болады.