
Ақтау әкімдігінде қалалық тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Нұрадин Көшербаевтың төрағалығымен қаладағы бірқатар тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекеме өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Отырыста қала аумағындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерде жиі кездесетін жылу және ыстық су жүйелеріндегі ақаулар, сондай-ақ тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін өзекті мәселелер талқыланды.
Нұрадин Көшербаев басқарушы компаниялардың өкілдеріне нақты тапсырмалар беріп, жылу желілерінде апатты жағдайлар туындаған кезде тұрғындарға жедел түрде ақпарат таратып, мәселені шешу барысын түсіндіру және азаматтармен тұрақты байланыста болу қажеттігін атап өтті.
Жиын қорытындысында басқарушы мекемелерге өздеріне тиесілі аумақтарда инженерлік жүйелердің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына дер кезінде және сапалы түрде жауап беру міндеттелді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі