АҚТАУДА ЖАҢА ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ РЕТРО ФЕСТИВАЛЬ КӨРЕРМЕНГЕ ҰСЫНЫЛАДЫ

АҚТАУДА ЖАҢА ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ РЕТРО ФЕСТИВАЛЬ КӨРЕРМЕНГЕ ҰСЫНЫЛАДЫ

Бұл туралы Абай атындағы әдени демалыс кешені директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Маргарита Омарова айтып берді. Оның айтуынша, биыл өткізілген ретро - фестиваль қала күніне арналған. Оған 25 жастан жоғары ниет білдірген қала тұрғындары мен өнер адамдары қатысты. Іріктеу нәтижесінде 10 адам жолдама алды. Осы жылы әлемге таралған індеттің салдарынан фестиваль онлайн форматта өткізілді.
"Ретро - фестиваль бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл біз жоспарлаған барлық шаралар ерекше өтіп жатыр. Бұған дейін фестиваль теңіз жағасында, амфитеатр сахнасында кең көлемді аталып өтетін. Биыл "AQTAU.TV" телеарнасымен бірлесіп, телевизиялық жобасын әзірледік. Фестивальдің басты мақсаты сонау 60-70 жылдарға саяхат жасап, пандемия кезінде адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлау болды",- дейді Маргарита Омарова.
Ретро - фестивальдің телевизиялық нұсқасы 24 қазан күні, сағат 21:00 -де "AQTAU.TV" телеарнасының эфирінде көрсетіледі.