Ақтау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметіне Тілеген Едігеұлы Едігеев тағайындалды.

Ақтау қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметіне Тілеген Едігеұлы Едігеев тағайындалды.

Тілеген Едігеев 1990 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі жоғары. 2012 жылы Қазақстан – Британ Техникалық университетін «қаржы» мамандығы бойынша, 2016 жылы КАЗГЮУ университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы Ақтау қаласының «Каспий Битум» БК» ЖШС-да қоймашы қызметінен бастаған. 2014-2015 жылдар аралығында Алматы қаласында «Ақпараттық технологиялар және мұнайгаз инжиниринг институты» ЖШС-да корпоративтік клиенттермен жұмыс бойынша сектордың меңгерушісі қызметін атқарды. 2015 -2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы, Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмді дамыту басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келді.

Жүгіруден халықаралық жартылай марафон, марафон және «Ironman 70.3 Astana» триатлон жарыстарының қатысушысы.