Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күніне орай патриоттық шара өтті. Шара аясында МОББ АҚББ №12 жалпы білім беретін мектептің 8-11 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады.
Бұл бастама жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыруды, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруды және ел бірлігін дәріптеуді мақсат етті.
Әнұранды 100 оқушының бір уақытта орындауы ерекше рух пен мақтаныш сезімін ұялатты. Шара соңында қатысушылар елге деген сүйіспеншілікті өз еңбегі мен үлесі арқылы көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі