
Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында қаладағы колледж студенттеріне арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шарада жастарға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері мен оның алдын алу тетіктері жөнінде кеңінен түсініктеме берілді.
Семинар барысында студенттер белсенділік танытып, ашық сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған нақты ұсыныстарын білдіріп, бұл мәселе жөнінде саналы көзқарас қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі