
Ақтау қаласында қала келбетін жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда 12-шағын ауданда ту тұғыры орнатылған жартас беті сырлануда. Бұдан бөлек 13-шағын ауданда шұңқырлы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ «Ақбота» саябағы мен 16-шағын ауданда жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтірілуде.
Айта кетейік, аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта қаланың басқа да шағын аудандарында кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі