
25 қазан — Республика күні!
Осы мемлекеттік мерекемен қатар Ақтауда табиғат, шығармашылық пен шабытты біріктіретін экологиялық фестиваль GREEN BEAT өтеді!
Сіздерді күтеді:
кино аймағы мен фото-аймақтар
аниматорлар мен шеберлік сабақтары
эко-дәрістер мен ғылыми шоу
эко-жәрмеңке және өсімдіктер алмасу 
Бұл оқиға — біздің еліміз бен қаламыздың болашағы туралы. Бұл — адамдар, идеялар және табиғат жайлы. Біз бірге таза, жасыл әрі үйлесімді болашақты құра аламыз! 
Іс-шара Ақтау қаласы әкімдігі Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында өтеді.
Күні: 25 қазан 2025 жыл — Республика күні
Уақыты: 13:00–18:00
Өтетін орны: Renaissance by Sulo, 9-шағынаудан, Ақтау қ.
Кіру тегін
Республика күнін бірге атап өтейік — шабыттың, бірліктің және жасампаздықтың жасыл толқынында Қазақстанның болашағы үшін! 