Ақтауда 16-шағын ауданда жер заңнамасын бұзу дерегі анықталды

Ақтауда 16-шағын ауданда жер заңнамасын бұзу дерегі анықталды

Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі жүргізген визуалды мониторинг барысында 16 шағын ауданда мемлекеттік жерді өз бетінше иелену дерегі анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес акт жасақталып, материалдар тиісті шара қабылдау үшін «Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаментіне» жолданды.

- Визуалды мониторинг кезінде 16-шағын ауданда орналасқан «Айтан» кафесінің маңында жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік жерді өз бетімен басып алғаны анықталды. Бұл дерек бойынша акт толтырылып, тексеріс жүргізу үшін материалдар облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды, - деді Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімінің маманы Айбек Баймаханбетов.

Алдағы уақытта жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жерді мақсатсыз пайдалану мен өз бетінше басып алу жағдайларының алдын алу мақсатында тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілетін болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі