
Ақтауда электр желілерін жаңарту жобасы жалғасып жатыр. Жоба аясында жалпы ұзындығы 6165 метр болатын 6–10 кВ кабельді электр беру желілерін ауыстыру жоспарланған. Қазіргі таңда оның 4000 метрі тартылды. Қалғаны қазан айының аяғына дейін толық аяқтау көзделіп отыр.
— Кабельдік желілер қаланың орталық бөлігі арқылы өтетіндіктен, жер астындағы инженерлік коммуникациялардың көптігіне байланысты жұмыстардың басым бөлігі қолмен атқарылуда. Бұл — коммуникация желілерін зақымдамау үшін қабылданған қауіпсіздік шарасы, - деді «Ақтау электр желілері басқармасы»директорының кеңесшісі Қуаныш Дүйсенғалиұлы
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі