Ақтауда абаттандыру ережесіне қатысты тексеріс жүргізілді

Ақтауда абаттандыру ережесіне қатысты тексеріс жүргізілді

Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аумағында абаттандыру талаптарының сақталуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде 26-шағын аудан, 46 үй маңында құрылыс жұмыстары кезінде абаттандыру қағидаларын бұзу фактісі анықталды. Осыған сәйкес нысан иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі алдағы уақытта да мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты бақылау мен тексеріс жұмыстарын жалғастырады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі