19 қазан күні Ақтау қаласы әкімдігінің өкілдері 1-шағын аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде 1-шағын аудан 33-үйдің аумағынан “Халық қатысатын бюджет” жобасы шеңберінде 560 шаршы метр аумаққа салынғалы жатқан аллея құрылысының мәселесі қаралды. Алайда, аумақтың жеткіліксіз болуына байланысты айлант және қураған жасыл желектерді кесу шешімі қабылданған.
Осыдан кейін шағын аудан тұрғындары наразылық танытқан соң, бүгін әкімдік өкілдері олармен кездесу өткізді. Кездесуде Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Бексұлтан Шалабаев аталған аумақтағы аллея құрылысының жобасын тұрғындармен бірлесіп тағы да қайта қарастыруды сондай-ақ кесілген ағаштардың орнына биік ағаштар егілетінін айтты.
Тұрғындар ұсынысты қолдап, алдағы жұмыстарды қадағалайтынын жеткізді.
- Біз аллея құрылысына қарсы емеспіз. Бүгін әкімдік өкілдері жобаны қайта қарап, тұрғындардың өтінішімен өзгеріс енгізуге уәде берді. Және 50 ағаш егетінін айтты. Біз мұны қолдаймыз, – деді тұрғын.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі