Қазіргі таңда Ақтау қаласында мердігер мекеме «Медик-Гигиенист» тарапынан егеуқұйрықтар мен басқа да кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыс жоспарына сәйкес, 1 қазаннан бастап Самал шағын ауданынан бастап Өмірзақ ауылының аумағына дейін улау шаралары іске асырылуда. Сонымен қатар 16 және 17-шағын аудандарында улау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар 18, 19 және 20-шағын аудандарда жалғасады.
Айта кетейік, дератизациялау кезінде қолданылатын заттар қала тұрғындары мен үй жануарларына қауіпсіз болып табылады. Кеміргіштерге қарсы улау жұмыстары айдың соңына дейін жүргізіледі.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі