«Бекет ата – 275 жыл»: Тобықтыда түйепалуандар сайысы өтті

«Бекет ата – 275 жыл»: Тобықтыда түйепалуандар сайысы өтті
Тобықты жерінде Бекет ата Мырзағұлының 275 жылдық мерейтойына орай ұлттық спорт түрлерінен ауқымды жарыстар өтті. Соның қатарында дәстүрлі «Түйе палуан» белдесуі бар.

Сайыста Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпаздары мен қазақ күресінен әлем чемпионатының жүлдегерлері бақ сынауда. Тартысты додаға барлығы 14 палуан қатысуда. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық спортты кеңінен насихаттап, жасөспірімдерге үлгі көрсету. Спорттық іс-шараны ұйымдастырушы Манарбек Бисекенов жарыстың барысына тоқталды.

-Жеңімпаздарға қомақты жүлде қоры тағайындалған: бірінші орынға – 2 миллион теңге, екінші орынға – 1 миллион теңге, ал үшінші орынға шыққан екі спортшыға 800 мың теңге сыйақы беріледі. Сайысқа Маңғыстау облысынан, Жетісу, Жезқазған, Қызылорда, Шымкент, Түркістан қаласынан спортшылар қатысты, – деді Манарбек Бисекенов.

Сонымен қатар, сайыс аясында гір тасын көтеруден жарыс ұйымдастырылды. Екі қолмен 32 келілік гірді көтеру бойынша үздіктер анықталады. Бұл сында бірінші орын иегеріне – 300 мың теңге, екінші орынға – 200 мың теңге, үшінші орынды иеленген екі спортшыға 100 мың теңгеден табысталады. Бұл жарыс – тек спорттық дода ғана емес, рухани тәрбие мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің көрінісі.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі