
Маңғыстауда 1-5 қазан күндері алғаш рет өтетін «Қорқыт ата» халықаралық кинофестивалі бағдарламасы жарияланды.
Халықаралық кинофестиваль бағдарламасы:
1 қазан сағат 15:00-де Ақтау қаласындағы «Достық үйінің» алдына жайылатын қызыл кілеммен киножұлдыздар жүріп өтеді. Ал сағат 20:00-де «Достық үйінде» халықаралық кинофестивальдің ашылу салтанаты өтеді.
2 қазан күні сағат 10:00-де киносаммит ұйымдастырылады.
2 қазан 14:00 сағат - белгілі актермен немесе режиссермен сұрақ-жауап
2-4 қазан - конкурстық және конкурстан тыс фильмдердің көрсетілімі
3 қазан сағат 10:00-де «Достық үйінде» - Алишер Утевпен сұрақ-жауап
4 қазан күні сағат 11:00-де «Достық үйінде» меморандумға қол қою рәсімі өтеді.
4 қазан күні сағат 17:00-де «Достық үйінде» фестивальдің жабылу салтанаты және марапаттау рәсімі өтеді.