Ақтауда рұқсат етілмеген 17 қоқыс үйіндісі жойылды

Ақтауда рұқсат етілмеген 17 қоқыс үйіндісі жойылды

Ақтау қаласында «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы жүзеге асырған ғарыштық мониторинг нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша анықталған 17 рұқсатсыз төгілген қоқыс үйіндісі толығымен жойылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 50 арнайы техника тартылып, нәтижесінде анықталған қоқыс үйінділерінен барлығы 13 000 м³ қалдық жиналып, арнайы полигондарға шығарылды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі