
Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен 24–25 қыркүйек күндері «Тәттілер әлемі» кондитерлік шеберлік сағаты өтті. Шараға NEET санатындағы жастар, қыз-келіншектер мен студенттер қатысып, кондитерлік өнердің қыр-сырымен танысты.
Кәсіби кондитер Жанат Шоманованың жетекшілігімен өткен екі күндік шеберлік сағаты барысында 20-ға жуық жас тәжірибе жасап, 12 түрлі тәттінің құрамы мен дайындалу әдісін меңгерді.
Шеберлік сағаты тек тәтті дәмдер әзірлеумен шектелмей, қатысушыларға жаңа дағдыларды меңгеріп, болашақта кәсібін ашуға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе олардың шығармашылық әлеуетін арттырып, уақытын тиімді пайдалануға ықпал етті.
— Қатысушылардың ынта-жігерін көріп қуандым. Бұл тәжірибе оларға алдағы уақытта өз ісін бастауға үлкен мүмкіндік береді, – деді Жанат Шоманова.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі