Ақтау қаласында әлеуметтік нысандарға жақын аумақтарда көлік кептелістерін азайту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында автотұрақтар салу жұмыстары жүргізілуде.
Биыл 5-шағын аудандағы №39 тұрғын үйдің алдына, сондай-ақ 6-шағын аудандағы №6 мектеп пен балабақшаларға тиесілі аумақтарға жаңа автотұрақтар салынды. Қазіргі таңда 32б-шағын аудандағы «Дарын» мектебі, 22-шағын аудандағы №22 мектеп және Шығыс-1 шағын аудандағы №25 мектеп маңында автотұрақ құрылысы жалғасып жатыр.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта кезең-кезеңімен іске асырылмақ.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі