Абай атындағы мәдени-демалыс кешені сіздерді ерекше әлемге саяхат жасауға шақырады!«Ақтау — Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының аясында өтетін «Мейірімді түркі әлемі» фестивалінде өнердің, шаттықтың және ерекше таланттың куәсі болыңыз!Бұл кеш — өмірдің әр қиындығына қарамастан, шығармашылықтың биігінен көріне білген кішкентай ғана жандардың үлкен мерекесі!Олардың өнері — жүректен шыққан таза сезімдер мен шексіз арманның көрінісі.
|| 17 қыркүйек 2025 ж.
|| 16:00
|| 4 ш/а, Абай МДККеліңіздер, осы мейірімділік пен махаббатқа толы кеште бірігіп, ерекше балалардың шығармашылығын бағалайық!
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі