Ақтауда қоғамдық көліктерде жаңа төлем жүйесі іске қосылды

Ақтауда қоғамдық көліктерде жаңа төлем жүйесі іске қосылды

Ақтау қаласында қоғамдық көлік саласында жаңа төлем жүйесі енгізілді. Бұл төлем жүйесі әлеуметтік карталар арқылы көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлерге және басқа да санаттарға беріліп отыр.
Сонымен қатар зейнетке шыққан жолаушылар биылғы жылдан бастап тегін және жеңілдікпен жүру мүмкіндігіне ие болды. Жүйеге сәйкес, 70 жасқа дейінгі зейнеткерлер жолақының 50 пайызын төлесе, 70 жастан асқан тұрғындар автобустарда тегін қатынай алады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі