Ақтауды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Ақтауды абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Қала аумағында қоғамдық кеңістіктерді жақсарту мақсатында 2024–2026 жылдарға арналған абаттандыру жоспары іске асырылуда. Осыған сәйкес қоғамдық орындар – саябақтар мен скверлерді, шағын сәулет нысандарын, ескерткіштерді, субұрқақтарды, спорт және балалар ойын алаңдарын, жаяу жүргінші жолдарын, теңіз жағалауы элементтерін күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізіп келеді.
 
Жоба аясында 4А-шағын аудандағы «Жартасты соқпақта» қоршаулар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері сырланып, бейнебақылау камералары қалпына келтірілді. 7-шағын ауданда орналасқан «Жеңіс» алаңында балясиналар мен ескерткіштерге жөндеу жасалып, жаяу жүргінші жолдары мен мәрмәр тастар қалпына келтірілді. Сондай-ақ «Мәңгілік алау» аумағы жаңғыртылды. 15А және 14А шағын аудандардағы теңіз жағалауында тозығы жеткен спорт және балалар ойын алаңдары жаңартылды.
 
«Ақбота» саябағында да жоспарға сәйкес жаяу жүргінші жолдары, орындықтар, қоқыс жәшіктер және кіші сәулет нысандары қалпына келтірілуде.
 
Сонымен қатар 1В, 4А, 5, 7, 12, 13, 24, 26А, 32 және 32Б-шағын аудандарындағы ескірген жаяу жүргіншілер жолдары қалпына келтіріліп, брусчатка төселіп, асфальт жабындылары жаңартылуда. Сонымен қатар бұл аумақтар жарық шам бағаналарымен, орындықтармен және қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз етілуде.
 
Қала аумағындағы тозығы жеткен орындықтар мен қоқыс жәшіктерін алмастыру үшін 15А шағынаудан Самал теңіз жағалауынан бастап 9А шағынауданға дейінгі аумақта, сондай-ақ саябақтар мен скверлерде жаңадан 400 дана композитті мәрмәр тастан жасалған орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Бұдан бөлек, тұрғындардың көп жүретін жол периметрлеріне қосымша орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды.
 
29А шағын аудандағы «Akkala Mаll» сауда орталығы маңында ұзындығы 500 метрлік жаңа жаяу жүргінші жолы салынды.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі