Ақтауда жаңа шағын аудандарды электр энергиясымен қамтитын жоба құрылысы аяқталды

Ақтауда жаңа шағын аудандарды электр энергиясымен қамтитын жоба құрылысы аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында электр энергиясы жеткілікті көлемде болуы қажеттігін атап өтті.
 
Осыған байланысты Ақтау қаласында электр энергиясының тапшылығын жою мақсатында, қуаттылығы 110/10 кВт болатын екі қосалқы ХАБ-1 жəне ХАБ-2 станциясының құрылысы аяқталды.
 
Аталған ХАБ 1-ден қаланың 13 жаңа шағын ауданына (18, 18А, 19, 19А, 20, 20А, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42 ш/а) электр желісін жүргізу бойынша құрылыс жұмыстары 90%-ға аяқталды. Жоба бойынша ұзындығы 226,670 км 10 кВ кабель желілерін және 22688 м құбыр блоктарын салу қарастырылған.
 
Жобаның артықшылығы – қуаттылық артқан жағдайда өзге қосалқы станциялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік туады, бұл өз кезегінде басқа электрмен жабдықтау нысандарын да қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Сондай-ақ қала тұрғындарын электр энергиясымен тұрақтандырады.
 
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі