Ақтауда жол белгілері жаңартылуда

Ақтауда жол белгілері жаңартылуда

Жаңа оқу жылының басталуына орай Ақтау қаласында оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу және жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған шара аясында қаладағы барлық мектептердің маңындағы автожолдарға арнайы жол таңбалары сызылып, тиісті ескерту белгілері орнатылуда. Бұл жұмыстар мектеп оқушыларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі