Ақтауда коммуналдық мәселелерге қатысты мониторинг жұмыстары жүргізілді. Шараға қалалық мәслихат депутаттары, Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен коммуналдық мердігер мекеме өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Мониторинг барысында қатысушылар қаладағы көгалдандыру, абатандыру және санитарлық тазалық мәселелерін жіті қадағалап, бірқатар шағын аудандарды аралады. Атап айтқанда, арам шөптерді жұлу, жасыл желектерді күтіп-баптау, суару, балалар ойын алаңдарын жаңарту және аумақтың жалпы тазалығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар, мониторинг барысында кәсіпкерлік нысандарының аумағына жеке қоқыс жәшіктерін орнату қажеттігі сөз болды.
Қаланың тазалығына қатысты мәселелердің бірі ретінде тұрғындардың рұқсатсыз орынға қоқыс тастауы көтерілді.
Жиын барысында қала тұрғындары да өз шағымдарын жеткізді. Олардың қатарында аулалардың жарықтандырылуы, балалар ойын алаңдарының тозуы, қоқыс жәшіктерінің жетіспеушілігі және көшелердің дер кезінде тазаланбауы сынды мәселелері бар. Жауаптылар барлық сын-пікірлерді мұқият тыңдады. Алдағы уақытта айтылған шағымдар негізінде жұмстанатынын жеткізді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі