Ақтауда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жалпы ұзындығы 22,5 шақырымды құрайтын электр желісін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Жаңарту жұмыстары Ақтау қаласының 6 аумағында қатар жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 6 мердігер мекеме жұмылдырылған.
— Жаңғыртылып жатқан желілер 11а- шағын ауданнан 9-шағын ауданға, 27-шағын ауданнан бастап 13, 15, 29-шағын аудандарға дейінгі аумақты, сондай-ақ 17-шағын ауданнан 33-шағын ауданға дейінгі бөлікті қамтиды, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әсет Басбаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі