Ақтауда қоғамдық көліктерде жаңа төлем жүйесі жұмыс істеп тұр

Ақтауда қоғамдық көліктерде жаңа төлем жүйесі жұмыс істеп тұр

Ақтау қаласының қоғамдық көліктерінде жолаушылар үшін ақылы, тегін және жеңілдікпен жүруге арналған жаңа төлем жүйесі енгізілді. Бұл жаңашылдық жолаушылардың сапарын жеңілдетіп, қызмет сапасын арттыруды көздейді.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары автобустарда жолақысын арнайы төлем картасы арқылы төлеп жүр. Жүйенің басты артықшылығы – төлем процесінің ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі. Көпшілік жаңа бастаманың тиімділігін оң бағалауда.

- Жаңа жүйе өте ыңғайлы әрі заманауи. Балаларымыз мобильді қосымшасыз-ақ, автобустардағы арнайы планшет арқылы картамен төлем жасай алады. Сонымен қатар олардың қозғалысын бақылап отыруға мүмкіндік бар, – деді қала тұрғыны Сара Алдоңғарова.

Еске салайық әлеуметтік төлем карталары мүгедектігі бар жандарға, көпбалалы аналарға, «Алтын» және «Күміс алқа» иегерлеріне, құрметті азаматтарға, зейнеткерлерге және өзге де санаттардағы азаматтарға қарастырылған. Сонымен қатар 70 жасқа дейінгі зейнеткерлерге – 50%, 70 жастан асқандарға толық тегін беріледі. Жеңілдік карталары 4-шағын аудандағы №72 ғимаратта орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында берілуде.

Ал жалпы тұрғындар мен мектеп оқушыларына арналған төлем карталарын 7-шағын аудан, 24-үйде орналасқан кеңседен алуға болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі