Ақтау қаласының 39-шағын аудан 12-үй ауласында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстары барысында тұрғын үй аумағында жиналған ірі көлемдегі қоқыс қалдықтары шығарылды.
Аталған жұмыстарға 40 қызметкер және 3 арнайы техника жұмылдырылып, барлығы 20 тонна қоқыс шығарылды.
- Қала тұрғындары мен қонақтарын және кәсіпкерлерді қаламыздың санитарлық жағдайын жақсартуға бірлесе үлес қосып, аумақты таза ұстауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі