Ақтау қаласында жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта 28А-шағын ауданындағы ішкі жолдарға асфальт төсеу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр.
Аталған учаскедегі жөндеу жұмыстары 8 мың шаршы метр аумақты қамтиды. Жол салу жұмыстарына мердігер мекеменің 15 арнайы техникасы мен 30-ға жуық қызметкері жұмылдырылған.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі