«Таза Қазақстан»: Ақтау қаласында санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды

«Таза Қазақстан»: Ақтау қаласында санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ақтау қаласында санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды. Коммуналдық қызметкерлер қаланың ішкі автокөлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдарын және теңіз жағалауын қоқыстан тазартуда.

Сонымен қатар жақын күндері толассыз жауған жауын салдарынан қала аумағына жиналған құм, балшықтарды жинап, қоқыс жәшіктерін жуып, қалыпқа келтірді.

Бұл жұмыстарға барлығы 400-ге жуық қызметкер жұмылдырылып, 20-дан астам техника тартылды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі