Ақтау қаласындағы «Астана» сауда орталығының аумағында орналасқан бірқатар заңсыз кәсіп иелеріне ескерту берілді.
Атап айтқанда аталған аумақтағы рұқсатсыз орнатылған велосипед жалға беру мен сауда саттық орындары, дротик ойыны сондай-ақ күш өлшегіш апараты секілді нысандары заң талаптарына қайшы.
Қала әкімдігі кәсіпкерлерге заңсыз орнатылған нысандарды өз еркімен алып тастау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, аумақтың санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыруға үлес қосу және белгіленген тәртіп пен талаптарды орындау міндеттеледі.
— Талаптарды орындамаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады, - деді Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Алтынбек Оңғарбаев.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі