Айрақты баурайындағы «Ақ мая Fest» фестивалінде шұбаттан түрлі сусындар дайындалды

Айрақты баурайындағы «Ақ мая Fest» фестивалінде шұбаттан түрлі сусындар дайындалды
«Ақ мая Fest» фестивалінде қазақтың ұлттық сусыны – шұбаттан түрлі сусындар даярланды. Фестиваль қатысушысы Аманжол Ерғали шұбаттан әзірленген сусындарды тұрғындарға тегін ұсынды.

-Біз 400 литр шұбат пен 1 жарым тонна сарыағаш алып келдік. Қазіргі сәтте шұбаттан жасалған сусынның екі түрін ұсынып жатырмыз. Бірі маракуя қосылған сусын болса, екіншісі құлпынай қосылған. Өзге түрлерін де дайындап жатырмыз. Бәрі тегін, шұбаттан дайындалған сусындардың дәмі ерекше. Сол үшін де дәмін татып көргісі келгендер өте көп,- деді фестиваль қатысушысы Аманжол Ерғали.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі