Ақтау қаласы әкімдігінде қалалық мәслихатының кеңейтілген комиссия отырысы және кезекті жиырма үшінші сессиясы өтті.
Ақтау қалалық мәслихат төрағасы Сембіғали Зәкенов төрағалық еткен жиынға қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары,, сондай-ақ қала әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында қала жолдарындағы жол-көлік оқиғаларының жағдайы және олардың алдын-алу шаралары талқыланды. Сондай-ақ қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуының орындалысы тыңдалды. Сессияның күн тәртібінде қала әкімдігінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, Ақтау қаласы мен Өмірзақ ауылының бюджеттеріне өзгерістер енгізу, жылыту маусымына дайындық, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету сынды мәселелер қаралды.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі