Ақтауда жаңа мектеп аумағында абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Ақтауда жаңа мектеп аумағында абаттандыру жұмыстары қарқын алды

Ақтау қаласының 20-шағын ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан №34 мектептің аумағында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оқу орнына іргелес жатқан 3 шақырым аумаққа асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес мектеп маңында жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен жиек тастары (бордюрлер) орнатылып жатыр. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқталады деп күтілуде.

- Асфальт төсеу және өзге де сыртқы жұмыстарды биылғы жаңа оқу жылына дейін толық аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Еркінбек Жауқан.

Айта кету керек, абаттандыру жұмыстары алдымен №34 мектептің айналасынан бастау алған. Алдағы уақытта аталған шағын ауданның өзге де жолдарына асфальт төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі