Орташа жол жөндеу: Ақтауда бірқатар автомобиль жолдары уақытша жабылады

Орташа жол жөндеу: Ақтауда бірқатар автомобиль жолдары уақытша жабылады
Ақтау қаласында орташа жол жөндеу жұмыстарына байланысты 2-шағын аудан мен 6-шағын аудан аралығындағы автомобиль жолы мен 27-шағын аудандағы қосалқы № 9Г автомобиль жолы уақытша жабылады.

Аталған жолдардағы жөндеу жұмыстары 13 тамыз, сағат 10:00-17:00 аралығында бір мезетте жүргізіледі. Әрі қарай жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асады.

Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындары мен қонақтарынан келтірілген уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі