Ақтау қаласының қоғамдық көліктерінде тегін жүру карталарын тарату жұмыстары басталды.

Ақтау қаласының қоғамдық көліктерінде тегін жүру карталарын тарату жұмыстары басталды.

Аталған төлем карталарын төменде көрсетілген санаттағы Маңғыстау облысының қала, аудан азаматтары ала алады:

1. 1-2 топ мүгедектігі бар жандар;
2. Бала жастан 1, 2 - топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар;
3. Чернобыль АЭС қатысушылары;
4. Көп балала аналар;
5. Маңғыстау облысының (қала, аудан) құрметті азаматтары;
6. Алтын және Күміс алқа иегерлері;
7. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан тұлғалар.

Сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы Ақтау қаласы болып табылатын зейнет жасындағы тұлғалар төмендегідей тәртіппен жеңілдік карталарына ие бола алады:

1. Зейнеткерлерге 50% жеңілдік;
2. 70 жастан асқан зейнеткерлерге 100% жеңілдік.

Транспорттық карталарды Ақтау қаласы 7 ш/а 24 үй жанындағы кеңседен ала аласыздар. Қосымша сұрақтар үшін +7 700 295 5347 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Айта кетейік аталған санаттағы азаматтар жеке басын және санатын дәлелдейтін құжаттармен келу сұралады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі