Заңсыз кәсіпке жол жоқ!

Заңсыз кәсіпке жол жоқ!

Ақтау қаласының әкімдігі тарапынан жағалаудағы рұқсатсыз орнатылған көлеңкелі палаткалар, шатырлар мен беседкалар, тир ату сондай-ақ күш өлшегіш апараттарына қатысты кәсіпкерлерге бұған дейін ауызша, жазбаша және әлеуметтік желі арқылы ескерту берілді!

Алайда, осы күнге дейінгі ескерту еленбей тұр.

Ақтау қаласының әкімдігі кәсіпкерлерге жағалаудағы барлық заңсыз нысандарды бүгін, 31 шілде, сағат 18:00-ге дейін өз еріктерімен алуды талап етеді.

Талап орындалмаған жағдайда тиісті шарасы қолға алынатынын ескертеміз!

Шара барысында жоғалған мүлік, сынған, бүлінген дүниелердің жауапкершілігі кәсіпкердің өзінде болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі