Ақтаудың түнгі келбеті жаңара түсті

Ақтаудың түнгі келбеті жаңара түсті
Ақтау қаласының көркін арттыру мақсатында шаһарда жаңа сәулеттік нысандар бой көтерді. Бүгінде 12-шағын аудандағы тутұғыр мен Тобанияз Әлниязұлы ескерткіші аралығында жарықпен көмкерілген аркалар іске қосылды.

Шаһардың сәулеттік бейнесіне жаңаша серпін берген бұл нысандардың биіктігі 5,5 метр, ені 4 метр, жалпы ұзындығы 48 метрді құрайды.

Кешкі уақытта ерекше атмосфера сыйлайтын бұл заманауи жарық элементтері қаланың ажарын айшықтап, тұрғындар мен қала қонақтарына қуаныш сыйлауда.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі